You are currently viewing Құрметті теміржолшылар!

Құрметті теміржолшылар!

  • Post category:Новости

Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін ең бір салтанатты әрі қасиетті мереке, себебі елімізде соғыс залалын тартпаған бірде бір отбасы жоқ. Елін жаудан қорғау жолында жан аямай соғысқан жауынгерлер есімі ел есінен ешқашан өшпей, ұрпақтан ұрпаққа жететін болады. 

Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқандардың қатарында темір жол көлігі еңбеккерлері де болды, олар пойыздар атқыланып жатса да, халықты, өнеркәсіп және мәдени құндылықтарды тылға көшірді, күн сайын бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіруден жалықпады. Эшелондар күндіз-түні майдан шебіне шықты.

Біз үшін ең қымбат сый – өмір үшін Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерінің алдында мәңгілік қарыздармыз. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан олардың ерлік істерін айтып тауысу мүмкін емес, бүгінгі бейбіт өмір үшін келер ұрпақтың оларға айтар алғысы шексіз.

Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы қарсаңында сіздерге деген жылы лебізімізді қабыл алыңыздар! Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ та бақытты өмір тілейміз!   

Бізге және келер ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қашан да батырлық пен қайтпас ерліктің, адал еңбек пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болып қала бермек. 

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ төрағасы  Оразғали АХМЕТБАЕВ