You are currently viewing ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРГЕЙ…

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРГЕЙ…

  • Post category:Новости

1 қазан – Қарттар күні. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы атаулы күндері өз еңбеккерлерін назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолы да Компанияның еріктілері 50-ден астам қарт адамды құттықтап, азық-түлік пакеттерін таратты.
– Біріккен көлік-логистика компаниясымен тығыз байланыс жасап, әріптестік шеңберінде көптеген ізгілікті істердің атқарылуына ұйытқы болып келеміз. Бұл жолы да БКЛ компаниясы бізге қаржылық қолдау көрсетіп, елуден астам ардагерге ұн, шай, сұйық май, сүт, жеміс-жидек сынды күнделікті тұрмысқа қажет азық-түлік салынған пакеттер таратып, қуаныш сыйлауға мүмкіндік берді. Қарияларымыз жас буынның қамқорлық көмегіне алғыстарын жаудырып, ақ тілек-баталарын жеткізді. «Алтын алма, алғыс ал» демекші, ізгілік іс жасауға қуана келіскен ерікті жастардың да көңілдері марқайып қалды, – дейді. Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

Источник

Сұлугүл БАКЕСОВА
Суретті түсірген автор