You are currently viewing «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-гі Қызылорда филиалы мен  бастауыш кәсіподақ ұйымдары бірлесіп еліміздегі төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарының мәліметі

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ-гі Қызылорда филиалы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары бірлесіп еліміздегі төтенше жағдайға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарының мәліметі

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары бірлесіп бүкіл әлемді шарпыған короновирус дертіне шалдықпауға арналған бірқатар шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.

         Бүгінгі кнге дейін, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің 5 бірдей қызметкерлеріне кәсіподақ қаражатынан азық-түлік корзинасы жасалды. Олар көп балалы отбасы, балаларының бірі мүгедек болып танылатын Қызылорда өрт сөндіру поезының өрт сөндірушісі Жолекбаев Бағдат, жалғызбасты ана, жолсерік Зайцева Марина, жалғызбасты ана, өрт сөндіру отряды бойынша диспетчер Серикова Айтолқын, көп балалы ана Қызылорда вокзалының кезекшісі Айнұр Шобдарова, жалғызбасты әке жөндеу-құрлыс бригадасының слесарь-сантехнигі Қарымсақов Мадияр. Әрбір қызметкерге 5 килограмм күріш, қант, ұн, 5 литр ас майы, 30 дана тауық жұмыртқасы, 5 килограмм рожки, 2 литр сүт, 2 литр айран, 500 грамм үнді шайы, 1 килограмм шоколад, 2 килограмм печенье, нан, 4 дана иогурт, 1 қорап мармелад, 1 килограмм вафлиден тұратын азық-түлік корзиналары таратылды.

         Вокзал, НЖС-10 аппараты, Өрт сөндіру командасы, Қалпына келтіру поезы қызметкерлеріне 300 дана медициналық қолғап таратылып, маскалар мен антисептикермен қамтылды.

         Сол сияқты «ҚТЖ-Жүк тасымалы»АҚ «ГП Қызылорда бөлімшесі» бастауыш кәсіподағы өз кәсіподақ мүшелеріне 3000 маска, оның 150 данасы қайта пайдалануға болатын маскалар, 40 литр белизна, 100 дана медициналық перчаткалар тарату жұмыстарын жүргізуде.

         Сонымен қатар Сексеуіл локомотивті пайдалану депосы цехтік кәсіподақ ұйымы өз кәсіподақ мүшелеріне: 250 медициналық перчаткалар, 50 дана антисептик, 20 литр құйылмалы сабын, 70 литр белизна, 300 таблетка хлорамин, 400 дана маскалар таратылды. Және 2010 жылы қайтыс болған бұрынғы ауған соғысының ардагері, тепловоз машинисі болған Еркебұлан Саймағанбетовтың әйелі алтын алқа иегері қайрымдылық көмекке мұқтаждығын кәсіподаққа келіп жеткізген, осыған байланысты отбасына азық-түлік корзинасы ұйымдастырылып берілді.

         Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, короновирус дертінің алдын алу мақсатында, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз кәсіподақ мүшелерінің жеке гигиеналық тазалықтарын сақтауға шақырып, жеке сақтану құрал-жабдықтарымен мүмкүндігінше көмек көрсетуде.