You are currently viewing ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ – ҚАЗІРДЕН!

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ – ҚАЗІРДЕН!

  • Post category:Новости

Белкөл станциясында алдағы қысқа дайындықты арттыру мақсатында бекет жолдарының жай-күйін тексеріп, бақылау
жұмыстары жүргізілді.

Станция бастығы Кенжебек Өтегеновпен бірге аталмыш жұмысқа Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат
Оңалов, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының аға электромеханигі Сайлау Ибадуллаев және аталған учаскеге
жауапты мамандар да қатысып, тексеруші топ жол айрықтарын, бағыттамалық бұрмалардың жолды бағыттап бұру пәрменіне сай жұмыс жасауын, жол төсемдерін, рельс тізбектерінің байланысын бақылаудан өткізді. Сын-ескертпелер есепке алынып, кем-кетіктер жойылды.
– Станциялық жолдардың технологиялық талаптарға сай болуын тексеріп қадағалап отыру – бөлімше басшылығы тарапынан бекітілген шара. Ол айына кемінде екі рет өткізіледі. Оның орындалуы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға бағытталған жұмыстар тізбегіне енгізіліп, бақылауда ұсталады. Бүгінгі тексеру кезінде көзге түскен олқылықтар жол дистанциясы мамандарымен құжатталып, олардың орнына келтірілу уақыттары белгіленді. Алайда станция жолдарынан қозғалысқа қауіп төндіретін тосын кемшіліктер анықталған жоқ. Дегенмен қысқа дайындық мақсатында жол күтіміне аса назар аудару қажеттілігі ескерілді, – дейді Белкөл станциясының бастығы Кенжебек Өтегенов.


Суретті түсірген автор