You are currently viewing Қызылорда кәсіподақ филиалының 2022 жылдың Наурыз мейрамына  атқарылған мәдени көпшілік іс-шаралары

Қызылорда кәсіподақ филиалының 2022 жылдың Наурыз мейрамына атқарылған мәдени көпшілік іс-шаралары

  • Post category:Новости

Ағымдағы жылдың 18 наурызында еліміздің барлық өңірлері көктемгі “Наурыз-Мейрамы” мерекесін тойлады. “ҚАЗКӨЛІККӘСІП” ҚБ-гі Қызылорда филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары жоғары деңгейде өз аумақтарында ұжымдастарымен “Наурыз мейрамын” атап өтті. Мәдени іс-шаралар өткізді: атап айтқанда қазақтың ұлттық тағамдар, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар (батырлар күресі, алтыбақан, арқан тарту, гір көтеру ) және тағы басқа түрлі сайыстардан жеңіске жеткен ойыншыларға кәсіподақ атынан естелік сыйлықтар берілді. Ардагерлерден, басшылықтан, торап қызметкерлерінен “Наурыз мейрамын”жақсы ұйымдастырғаны үшін Кәсіподаққа жылы сөздер айтылып жұмыста табыс тіледі.