You are currently viewing Үстел теннисінен сайыс

Үстел теннисінен сайыс

  • Post category:Новости

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы»қоғамдық бірлестігіне 30 жыл толу құрметіне жергілікті кәсіподақ ұйымдары тарапынан аймақ теміржолшыларын жан-жақты қолдау мақсатында сан түрлі игі шаралар жүргізіліп жатыр. Осындай шараның бірі «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, аймақтағы салалық мекеме кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының және спорт секторлығы ұйымдастыруымен спорттық жарыс ретінде үстел теннисінен өткізілді. Қызылорда станциясында ұйымдастырылған жарысқа салалық мекемелердің теннис ойынына құмартатын теміржолшылары, сала зейнеткерлері қатыстырылды.

Қашанда жұмыскердің жанына табылып мәселенің оңтайлы шешілуіне мүдделі кәсіподақ ұйымының басшылығы мен мүшелері мерейтойлық изгілікті шараларда да теміржолшылар арасында табылып олардың жұмыстан тыс уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндіктер қарастыруда.

-Жалпы үстел теннисінен сайыс өткізу бірлестік мүшелерінің келісімімен жасалып, жарысқа қатысамын деген үміткерлерге, жасына, жынысына қатысты шектеу қойылған жоқ. Нәтижесінде аймақ бойынша жиырмаға жуық үміткер жиналған сайыс тартысты өтті. Қарсыласынан айласын асырып, қимыл шеберлігімен ерекшеленгендер, сайыстың келесі сатысына өрлеп, жеңіске ұмытылып қарсыластарының әрекеттеріне төтеп бере алатын жаңа айла тәсілдеріне машықтанды. Дегенмен мықты қашан да мықтылығын дәлелдейді десек, қарсыластарынан айласын асырған үш жеңімпаз жүлделі орынға көтерілді,-деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

Аймақтағы карантиндік шектеулерді ескере отырып өткізілетін спорттық, көпшілік сауықтыру жарыстары бірлестіктің, бөлімше басшылығының келісімімен алдағы күндерде де жүргізіліп, оған бөлімше теміржолшыларының қатысуына мүмкіндіктер жасалатын болады. Кәсіподақ ұйымдары тарапынан спорттық жарыстардан бөлек, қайырымдылық көмек, танымдық шаралар секілді бұхаралық-көпшілік жұмыстарға мүмкіндігінше басымдық берілмекші.

-«Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығы қарсаңында мәдени-көпшілік шаралардың бастамасын үстел теннисімен бастадық. Аймақтағы кәсіподақ ұйымдарының игі бастамаларын қуаттау мүмкіндігімізге орайластырып атқарылатын боламыз. Теннисте шеберлігімен жеңіс тұғырына көтерілген «ПЧ-60» құрама командасының мотовоз-машинисі Қайрат Денеев қарсыластарының бәрінен айласын асырып жүлделі 1орынды иеленді. «ДС Қызылорда» құрамасынан Әмір Матжанов 2 орынды, «ЭЧ-25» құрамасынан Бақыт Иманалиев жүлделі 3 орынға табан тіреп бағалы сыйлықтар иеленді,-деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының бастығы Бауыржан Ахметов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген автор