You are currently viewing «ҰМТЫЛFEST» – СПОРТ МЕРЕКЕСІ

«ҰМТЫЛFEST» – СПОРТ МЕРЕКЕСІ

  • Post category:Новости

Сәуір айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимаратының спорт залында «ҰмтылFest» спорттық іс-шарасы басталды.
ҰмтылFest – бұл Компанияның орталық аппаратының, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасын- дағы жарыс.
Байқау іріктеу және финалдық кезеңдерден тұрады. Қатысушылар «Көңілді старт» ойындары бойынша жарысады. Командалар арасындағы жеңімпаздар
финалға өтеді. Жарыс 4 кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңінде филиалдар қызметкерлері арасында жарыс болады. Екінші кезеңінде Орталық аппарат қызметкерлері жарысады. Үшінші кезеңінде еншілес ұйымдар бақ сынаса, ақтық кезеңде әр кезең жеңімпаздарының финалдық жарысы ұйымдастырылады. Спорт до дасының түрлі кезеңдеріне 10 адамнан тұратын 3 командадан қатысады. Команда құрамы жеребе арқылы анықталады.
Байқауға қатысуға өтініштер биыл 5 сәуірге дейін қабылданады.
Іс-шараның өтуіне әлеуметтік саясат бөлімі жауапты. ҚТЖ-да спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттауға әуелден басты көңіл бөлінеді. Бұл спорттық мереке де компанияның осы бағыттағы саясатын жүзеге асыруға септік етеді.
Ұлан ОРАЗ