Өндірістік жарақат тіркелмеген

  • Post category:Новости

Жалпы, теміржол саласында еңбекті қорғау аса маңызды. Теміржол көлігін пайдалану – жылжымалы құрамның жұмысы теміржолшының өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі тиіс. Жұмысшы өндірістік жарақат алмас үшін қауіпсіздік барынша сақталуы тиіс.

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылы ешқандай жарақат алған жағдай тіркелмеген. Ал былтыр мамыр айында бір оқиға орын алған екен. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін 11 іс-шара бекітілген, соның бүгінге дейін алтауы ішінара орындалған. Жалпы, еңбек қорғауға биыл 34 миллион 650 737 теңге қарастырылған. Бүгінде бөлімшеде теміржолшылардың жұмыс орнын талапқа сәйкестендіру, еңбек гигиенасын сақтау, зиянды заттардан және шудан қорғау, теміржол объектілерін жарықтандыру, т.т. бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Сонымен қатар, жұмысшыларға арнап қорғаныс құралдары мен арнайы киімдердің жаңа түріне тапсырыс берілген. Жазғы маусымға қарай теміржолшылар жаздық киіммен жүз пайыз қамтылған. Ал қыстық киімдер келісімшарт бойынша күтілуде.

Жан Пердебек, Шымкент