You are currently viewing «2021 жылдың ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атағы Байқауына

«2021 жылдың ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атағы Байқауына

  • Post category:Новости

«2021 жылдың ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»байқауына қатысу үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның – «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Алтынкөл жол дистанциясының бастапқы кәсіподақ ұйымын ұсынады.

Дистанцияда 197 адам жұмыс атқарады, оның 100 % кәсіподақ мүшелері. Кәсіподақ мүшелерінің есебі кадр және есеп бухгалтерімен тоқсан сайын жүргізіліп отырады. Барлық кәсіподақ ұйымының мүшелеріне есептік карта жүргізілген, жақын арада есеп электрондық жүйеге көшірілмек.

Кәсіподақ ұйымы 5 (бес) адамнан тұрады, олардың әр қайсына мына міндеттер мәдени шаралар жұмысы, спорт жаттығуларының жұмысы, жастармен жұмыс, әйел және отбасы мәселелері бойынша жұмыс атқару жауапкершілігі жүктелген. Барлық көтерілген мәселелер ай сайын Кәсіподақ ұйымының отырысында қаралып, бірлесіп шешіледі. Жылына екі рет жұмысшылар ұйымының алдында жүргізілген жұмыстар бойынша есеп беріледі, жиналыстар өткізіледі.

Кәсіподақ ұйымының жұмысы көпқырлы, ол бірнеше бағыттан тұрады. Ол-Ұжымдық шарттың, кәсіподақ мүшелерінің қызығушылығы мен талаптарын, еңбекті қорғау, спорттық-сауықтыру шаралары, ақпараттық жұмыстардың орындалуын қадағалау және орындалу болып табылады.

Бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты.

Кәсіпорында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарт іске қолданылады және ол толықтырылып отырады, оған http: //railways.kz/. қосымша келісім шарт куә.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы күнделікті жұмыс атқаратын барлық мәселелер бойынша құрылған (электрқауіпсіздігі, біліктіліктерін тексеру, жоғары қауіпті нысандармен жұмыс, жұмыс орындарын атестаттау, арнайы киімдер мен арнайы құралдарды қабылдау) өндірістік кеңес комиссияларында мүше болып тіркелген. Дистанцияның құрылғанынан бастап (2012 жыл) өндірістік қауіпсіздікпен байланысты оқыс оқиғалар орын алмаған.

Кәсіпорын алаңында Кәсіподақ ұйымының бұрышы ілінген, ол қолданыстағы ұжымдық шарт, кәсіподақ ұйымының құрамы мен жұмыс жоспары, келісім комиссиясы мен ревизиялық (тексеру) комиссиясы мүшелері, кәсіподақ ұйымы мүшелеріне материалдық көмек көрсету ережесі мен атқарылған жұмыстар бойынша есеп және басқада тың ақпараттармен толықтырылған.

Кәсіподақ ұйымы жылдың басында бекітілген кірістер және шығыстар сметасы бойынша жұмыс атқарады онда негізгі баптар көрсетілген.

р/нШығыс баптарының атауыкіріс пайызынан жоспар
1Мәдени және спорт шаралары, балалармен жұмыс іс-шаралары 10
2Сьезд, конференция, жиналыстар ұйымдастыру шығыстары2
3Кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қайырымдылық көмек18
4Еңбек шығындары (жалақы, емделуге жәрдемақы,бюджет салықтары)50 ден көп емес
5Іссапар шығындары3.5
6Негізгі құралдардың амортизациялық шығындары3
7Басқа шығындар (шаруашылық, әр-түрлі, бір мезеттік) шығындар3,5
8Ақша қалдықтары5 тен кем емес

Кәсіподақ ұйымында мәдени іс-шаралар және спорттық шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Кәсіподақ ұйымының талабымен кәсіпорын ұжымы Алматы облысының көптеген қонақжайлылығымен таныстырылады. Кәсіпорын жұмыскерлері кәсіпорын арасындағы және салалық, аудан аралығында кіші футбол, волейбол, баскетбол, стол тенисінен өткізілетін жарыстарға қатысып отырады.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Әлмұратқызы Гүлзат – кәсіпорында өткізілетін іс-шараларының белді қатысушысы.

Әлмұратқызы Гүлзат 1988 жылдың 23 ақпанында дүниеге келген, 2005 жылы орта білім мектебін аяқтап, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсіп, аталған оқу орнын «Құралдар қалыптастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Әлмұратқызы Гүлзат өзінің қызмет жолын Алтынкөл жол дистанциясының 1 санатты технигі болып 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастаған. Жақын арада инженер-электроншы лауазымына ауыстырылып осы уақытқа дейін осы қызметті атқаруда.

2019 жылдың наурыз айында Алтынкөл жол дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайлаңды.

Жұмыс ұжымында сыйлы, білікті, өзіне және маңайындағы адамдарға жоғары талап қоя білетін, жауапты, ынталы маман.

Ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көптеген мәдени және спорттық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырады. Әлмұратқызы Гүлзаттың қатаң талап қоя білгенінен жұмыскерлерді жұмыс орнына қызметтік автокөлікпен жеткізу жұмыстары бойынша мәселе көтеріліп, Ұжымдық шарттық қосымшасына енгізілді.

Әлмұратқызы Гүлзат конкурста қарастырылған 5 талапқа сай;

Ол – кәсіпқойлық, мүмкіндік, көсбасшылық, іске қатысу,бір жақтылық.

Барлық жұмыстарды барлық жағдайда, сапалы және зор ынтамен орындайды. Кәсіби деңгейін әрқашан көтеріп отырады. Өзіне зор жауапкершілік ала алатын және адамдарға зор үміт бере алады.

Әлмұратқызы Гүлзат өзгерістер мен өзгертулерге дайын. Компанияның көптеген шараларына, жобаларына қатысқан.

2014 жылы аймақтық «Болашақ басқарушы» біліктілік тренингіне қатысқан.

Әлмұратқызы Гүлзат 2015 жылғы VI Республикалық жастар форумына “Менеджмент жобасы” бағдарламасы бойынша қатысып «Көрермендер қолдауы» атағы бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті А.Маминнің Президент Дипломымен марапатталған.

Әлмұратқызы Гүлзат «Жас программист – 2016» атағы бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті Қ.Алпысбаевтың 1 дәрежелі Дипломымен марапатталған.

2016 жылы Көлік қызметкерлері және коммуникация күніне орай Алтынкөл станциясы басшылығымен ұйымдастырылып өткізілген стол теннисі бойынша 3 орынды иемденіп, «Алтынкөл станциясы» филиалы директорының грамотасымен марапатталған.

Әлмұратқызы Гүлзат 2019 жылы «Қазақстан темір жолы » ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жаздық спорт түрлерінен Курорт-Боровое станциясында өткізілген Республикалық жарыстың және 2019 жылдың шілде айында Алматы қаласында өткізілген стол теннисі чемпионатының белді қатысушысы.

2019 жылы Көлік қызметкерлері күніне орай Алтынкөл станциясы басшылығының ұйымдастырылуымен өткізілген әйелдер арасындағы стол теннисі турнирінде 2 орынды иемденіп, Алтынкөл станциясы бастығының грамотасымен марапатталған.

Өз жұмысымен қатар инженер-метролог лауазымы бойынша жүргізілетін қосымша жұмыстарды орындайды.

2019 жылдың тамыз айында «Өлшегіш бірліктерін қамтамасыздандыру» тақырыбы бойынша теориялық біліктілік арттыру курсын өткен.

Кәсіподақтағы ынталы жұмыстары үшін Салалық Кәсіподақтың Алғыс хатымен (2019 ж.), Құрмет грамотасымен (2020 ж.), Салалық кәсіподақтың Орталық Кеңесінің төс белгісімен (2021 ж.) марапатталған.