You are currently viewing Бақылауды  күшейтті

Бақылауды күшейтті

  • Post category:Новости

Мектептерде оффлайн сабақ басталар тұста теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлері қауіпті аймақтарда ескерту шараларын күшейтті.

Олар «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында станцияға жақын елді мекендер мен оқу орындарын аралап, сақтық шараларын, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Ең бастысы, адамдар немқұрайлылықтан арылуы керек. Ата-аналардан балаларға бақылауды күшейтуді сұраймыз. Стратегиялық аймақ ойын алаңы емес. Бір қарағанда, тоқтап тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты болып көрінетін шығар, бірақ қауіпсіздік талабы бойынша вагонға 5 метрден кем арақашықтыққа жақындауға, астынан өтуге болмайды. Өйткені станцияда тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде тұр деп есептеледі, кез келген сәтте ол қозғалысқа түсуі мүмкін», – дейді Жіңішке станциясының басшысы Талғат Сағынов.

Теміржолшылар көпшілікті қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болатын бақытсыз оқиғалардан сақтандырып, арнайы аспа көпірді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, балалардың бұзақылық істерге барып, темір жол маңын ойын алаңына айналдыруы неге соқтыратынын да еске салды.

Ал теміржол сақшылары бес күн ішінде «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы барысында 71 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе

Суретті түсірген автор