You are currently viewing БАЛАЛАР БАҚ СЫНАСТЫ.

БАЛАЛАР БАҚ СЫНАСТЫ.

  • Post category:Новости

Жақында елордада Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «ҚТЖ» компаниясының 25 жылдығы және «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығы шеңберінде теміржолшылардың балалары арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа «Real boys», «CZhS Tiger kids», «Lokomotiv» және «Болашақ» командаларының құрамында 9-12 жас аралығындағы балғын ойыншылар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Балалар кәнігі ойыншылардай қызықты да тартысты ойын көрсетті.
Әр команда намысты қолдан бермеуге тырысты. Десе де, ойынның аты ойын. Бес ойынның нәтижесі бойынша турнирдің
жеңімпазы болып «Болашақ» командасы танылды. Ал «CZhS Tiger kids» және «Real boys» командалары өзара 2-ші және 3-ші
орындарды бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойынға белсенді қатысқан «Lokomotiv» командасы да елеусіз қалмай, арнайы дипломмен марапатталды.
Ерекше көзге түскен спортшыларға да қосымша сыйлықтар берілді. Жарыс барысында жас ойыншыларға
жеміс-жидек, бәліш таратылып, сумен қамтамасыз етілді. Командаларға арнап тігілген спорттық формалар ойыншыларға сыйлық ретінде тарту етілді. Турнирге қатысушылар мен жанкүйерлер үшін аквагрим және естелік суретке түсу
үшін фотобудка ұйымдастырылды.

Ислам ТАЛҒАТ
Суретті түсірген
Александр ЖАБЧУК