You are currently viewing БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ!

БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ!

  • Post category:Новости

Семейлік теміржолшылар қайырымдылық шараларын атқаруда аянып қалған емес. Әсіресе, өздері қамқорлыққа алған қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көп көңіл бөледі.

Өткен демалыста теміржолшылар №8 отбасылық үлгідегі балалар үйінің балғындары үшін шағын футболдан сайыс өткізіп,
оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл мекемедегі балақайлар мен теміржолшылар арасындағы жылы қарым-қатынас баяғыдан орнаған. Сондықтан болар, олардың арасында болашақта теміржолшы болсам деп армандайтындар аз емес.
Спорттық жарыс түрінде өткізілген қайырымдылық шараның беташар рәсімінде сөз сөйлеген бөлімше директоры Владимир Бабиченко балаларды өз елдерінің патриоты болуға үндеп, спортты серік етуге шақырды.
Бөлімше басшылығы мен жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шарада балалар үйінің тәрбиеленушілері екі топқа бөлініп, шағын футбол ойнады. Балалар ойынын қызықтаған үлкендер нәтижесінде екі команданы да жеңімпаз деп жариялап, арнайы мақтау қағаздарымен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бөлімше басшысы Владимир Владимирович футболшылардың теңбіл добын сыйласа, кәсіподақ тарапынан тәтті сусындар мен шоколадтар таратылып, естелік суретке түсті.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов мұндай қамқорлық шаралары кәсіподақ ұйымының көңіл бөлуімен алдағы уақытта да өткізілетінін жеткізді. Айтуынша осыған дейін де түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларды бөлімшеге шақырып, теміржолшылар жұмысымен таныстырған болатын.Түрксіб мұражайы да балақайлардың жиі
келетін орнына айналған.

Источник

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Суретті түсірген автор