Барлық вакцина қолжетімді

  • Post category:Новости

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Көлік объектілерінде коронавирус індеті таралуының алдын алу бойынша шектеу шараларды жеңілдету туралы» 22 наурыздағы №2 қаулысына сәйкес, қазір еліміздің барлық өңірі коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл» аймақта.

Десек те, бұл «covid-19» індеті толық жойылды деген сөз емес, арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін ескертеді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары. Олар, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды, шетелдермен қарым-қатынастың, байланыстың нығаюын ескерсек, коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлі де жоғары екенін алға тартады.

– Теміржолшылар арасында коронавирусқа қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау соңғы кезде тым баяу, тіпті тоқтаған деуге болады. Деректерге сүйенсек, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 1439 адамның вакцина алғаны – 1150, ал ревакцинация тек қана біреу. «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінде де бір адам, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-де 232 адамнан үш адам ғана ревакцинация алған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Маңғыс- тау қосалқы бөлімшесінде 2091 адамның 25-і салғызған. Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық жолаушылар тасымалы жөніндегі филиалында 381 қызметкердің үшеуі ғана алыпты. Сондықтан теміржолдағы мекеме басшыларынан бұл мәселеге бей-жай қарамай, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етуін сұраймыз, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлмира Аюпова.

Басқарма өкілінің сөзіне сүйенсек, өңірдегі барлық емдеу-сауықтыру орындарында вакциналар жеткілікті. Оның ішінде Комирнати (Пфайзер АҚШ) вакцинасы да қолжетімді.

Айсұлтан Арман, Маңғыстау