You are currently viewing Белсене қатысты

Белсене қатысты

  • Post category:Новости

Өткен сенбі күні Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Түлкібас жол дистанциясында салалық кәсіподақ ұйымының 30 жылдығы мен Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған спорттық шаралар өтті.

Қатысушылар арқан тарту, шахмат, дойбы, кір тасын көтеру сынды спорттық ойындарда бақ сынасып, қызықты та тартысты сайыс өткізді. Кір тасын көтеруде өткел кезекшісі Ерлан Жолдыбекке жететін жан болмады, көпір шебері Айдос Өтеулиев екінші, жол жөндеуші Рауан Матеев үшінші орынды иеленді.

Шахматтан еңбек қорғау инженері Серік Қуанышбеков қарсыластарын түгел ұтып, бірінші орынға шықты. Жол жөндеуші Рамазан Каликулов те осал емес екенін танытып екінші, Мейіржан Әзбергенов үшінші орынға ие болды. Дойбыдан да жол жөндеуші Ержанат Ибрагимов бірінші, еңбекті қорғау инженері Серік Қуанышбеков екінші, жол жөндеуші Рамазан Каликулов үшінші орынды бағындырды. Жүлделі орыннан көрінген спортшыларға кәсіподақ тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Жамбыл жол бөлімшесінің спортты ұйымдастыру-нұсқаушысы Евгений Тяньнің айтуынша, биылғы жылы кәсіби мерекелер мен даталы күндер құрметіне спорттық шаралар жиі ұйымдастырылмақ.

Айта кету керек, спорттық сайыстарға теміржолшылар белсене қатысты.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Суретті түсірген автор