Вы сейчас просматриваете БІЗ СЕНІМЕН БІРГЕМІЗ, ҚОСТАНАЙ!

БІЗ СЕНІМЕН БІРГЕМІЗ, ҚОСТАНАЙ!

  • Рубрика записи:Новости

Қостанай аймағында орын алған алапат өрт сыр елінің теміржолшыларын да бей-жай қалдырмады. Олар тілсіз жаумен күрескен өңір тұрғындарына қайырымдылық көмек жіберуге кірісті.

«ҚТЖ-ЖТ» Қызылорда бөлімінің басшысы Батырхан Базарбаев жедел жиын өткізіп, теміржолшылар тарапынан қолдан келген көмекті ұйымдастыруды ұсынды. Ұжымдар ортадан қаржы жинауды жөн көрсе, жекелеген адамдар көмектерін «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан ашылған қабылдау пунктіне жеткізетін болды.
– Қостанай өңірінде орын алған төтенше жағдайға байланысты бөлімшеге қарасты мекемелердегі бастауыш ұйым жетекшілерімен қаржылай көмек жинауды ұйғардық. Қостанайлық ағайындарға ауыз су тапшы болып жатыр дегенді естіп, біз теміржолшылар алдымен соны жеткізуге тырыстық, – деді «Аманат» партиясы Теміржол филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
Аймақтағы салалық мекеме басшылары жекелей өз аттарынан қаржылай қолдау жасаса, Өндірістік қауіпсіздік және экология қызметі бөлімінің басшысы Ғалия Көпжасарова бастаған қыз-келіншектер жылы киім-кешек, тұрмыстық қажеттіліктер тапсырды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген автор
Қостанай облысында болып жатқан төтенше
жағдайға байланысты әр өңірден теміржолшылар
қаржылай, азық-түлікпен, басқалай да көмек
қолдарын созуда.
Атырау теміржолшылары да қарап қалмады. Атырау
магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай
Сапаров жеке қаражаты есебінен Қостанай облысы
тұрғындарына 1 млн теңге қаржы аударды. «…Апат
айтып келмейді. Тілсіз жау қаннен қаперсіз отырған
тұрғындардың өмірін ойран етіп, бір-ақ күнде баспаналарынан, бар жиған-тергенінен айырды. Қостанайлық бауырларымыздың басына түскен ауыртпалыққа
қабырғамыз қайыса отырып, қолдан келген көмекті
жасау – борышымыз» дейді теміржолшы азамат.
«Аманат» партиясының Атырау облыстық фракциясының жетекшісі Амангелді Абдолов теміржолшы,
партия белсендісі Елеубай Сапаровтың бастамасы
өзгелерге де үлгі болып, көмек қорын толықтырып
жатқандар қатары артып келе жатқанын жеткізді.
Еділ ЕРМЕК, Атырау