Вы сейчас просматриваете Қызылорда: “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы”

Қызылорда: “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы”

2025 жылдың 22 тамызында Қызылорда қаласында Кәсіподақтың 120 жылдығы аясында футболдан “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы” іріктеу турнирінің жартылай финалы өтті. Турнирге 3 команда қатысты ПЧ-59, ТЧЭ-34, ШЧ-40. Тартысты өткен ойында 1 орынды ТЧЭ-34 командасы алды. 2 орынды ПЧ-59 командасы алса, 3 орынды ШЧ-40 командасы иеленді. Номинациялар бойынша “Үздік ойыншы номинациясын” ТЧЭ-34 командасының ойыншысы Есенбеков Рустем иеленді, “Үздік қорғаушы номинациясын” ПЧ-59 командасының ойыншысы Бақытжанов Тұңғышбай иеленді, “Үздік қақпашы номинациясын” ТЧЭ-34 командасының ойыншысы Серікбаев Нұрбол алса, “Үздік шабуылшы номинациясын” ШЧ-40 командасының ойыншысы Өтегенов Нұрдастан алды. Жүлделі орын иегерлеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.