Вы сейчас просматриваете Қызылорда: “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы”

Қызылорда: “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы”

2025 жылдың 26 қыркүйегінде Қызылорда қаласында Кәсіподақтың 120 жылдығы аясында футболдан “ҚАЗКӨЛІККӘСІП-2025 теміржол футбол лигасының кубогы” оңтүстік аймақтық командалары арасында жартылай финал өтті. Турнирге 3 команда қатысты Қызылорда (ТЧЭ-34), Тараз (ЭЧ-22), Шымкент (ТЧЭ-32). Тартысты өткен ойында 1 орынды Қызылорда (ТЧЭ-34) командасы алды. 2 орынды Шымкент (ТЧЭ-32)командасы алса, 3 орынды Тараз (ЭЧ-22) командасы иеленді. Номинациялар бойынша “Үздік ойыншы номинациясын” Тараз командасының ойыншысы Ерболов Фархат иеленді, “Үздік қақпашы номинациясын” Қызылорда командасының ойыншысы Серікбаев Нұрбол алса, “Үздік шабуылшы номинациясын” Қызылорда командасының ойыншысы Қожамұратов Баубек алды. Жүлделі орын иегерлеріне грамоталар мен медальдар табысталды.