2026 жылғы 13–14 мамыр күндері Түрікменстан астанасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 84-отырысы өтті.
Іс-шараға ТМД елдерінің теміржол әкімшіліктерінің басшылары, Кеңестің қауымдастырылған мүшелері, халықаралық ұйымдар мен салалық кәсіподақ өкілдері қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясын басқарма төрағасының орынбасары Ануар Ахметжанов бастап барды.
Қазақстандық теміржолшылар делегациясының құрамында «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы Ахметбаев Оразғали Төлепбекұлы да қатысты.
Отырысқа сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің теміржолшылар салалық кәсіподақтарының басшылары қатысты.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 84-отырысы аяқталғаннан кейін салалық кәсіподақ басшылары Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясы (ХТКК) аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.
