Вы сейчас просматриваете Осы жазда Қазкөліккәсіп теміржолшылардың 250 баласына мереке сыйлады

Осы жазда Қазкөліккәсіп теміржолшылардың 250 баласына мереке сыйлады

Қазақстанның барлық өңірлерінен келген темір жол саласы қызметкерлерінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 250 бала жазғы демалысын Астанада өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Балалар океанариумға, Теміржол көлігінің орталық мұражайына, «Бәйтерек» монументіне барып, Есіл өзенімен су серуенінде болды.
Кәсіподақ бастамалары арқасында жазғы және қысқы демалыс кезінде Астананы теміржолшылардың 2500 астам баласы тамашалады.
Қазкөліккәсіп балаларды қолдауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды дамытуды жалғастыруда.