Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалы, кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” акциясын қолдау мақсатында Мақат станциясы теміржолшылары, теміржолшы ардагерлермен бірігіп, сенбілік ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы кәсіподағының 120 жылдық мерей тойымен ұштастырылып өткізілген шарада, еңбек ардагерлері мен еңбек озаттары алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.





