ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

  • Post category:Новости

Никотиннің орнына – витамин. Осы ұран сөзбен ұлттық компания төрінде басталған акция бүгін Сыр еліндегі теміржолшыларға да келіп жетті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүргізілген маңызды шараны «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалы мен аймақтағы мекемелердің кәсіподақ ұйымдары ұйытқы болып өткізді.
Акция Қызылорда қосалқы бөлімі мен магистральдық желі мекемелерінің жұмыс кабинеттерінде өткізілді. Арнайы жәшікке бір тал темекіні сындырып тастап, орнына құтыдағы жемістерден алу шартымен өткізілген акцияны қолдап-қуаттаған теміржолшылар аз болмады.
– Теміржолшылардың жағымсыз әдеттен арылып салауатты өмір салтына ден қоюына септігін тигізсе деген ниетпен бүгінгі акцияны өткіздік. Темекі қолданатын кейбір теміржолшылардың бір тал емес, бір қорап темекіні жәшікке тастап жатқанын көріп бір адамға болса да ой тастай алсақ мақсаттың орындалғаны дедік. Жалпы, көптеген әріптестерімізге акцияның оң әсері болады деп сенеміз, – деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.
Акция ертең Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясында және өзге де мекемелерде жалғасатын болады дейді ұйымдастырушылар.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда