You are currently viewing ДОНОР-ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КӨП

ДОНОР-ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КӨП

  • Post category:Новости

Жамбыл облыстық қан орталығының бастамасымен қолға алынған «Донор күні» акциясы аясында теміржолшылар да қан тапсырды.

Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының директоры Аман Улакулов мұқтаж адамдардың өмірі үшін қан тапсыру жауапты әрі сауапты іс дейді. Сондықтан да теміржолшылар ұжымы акцияға белсенді түрде үлес қосып, 400 миллиграмнан қан тапсырған. «Жалпы, біздің дистанцияда тұрақты донорлар көп, қызмет- керлеріміз жылына екі рет Тараз қаласындағы қан орталығына барып, қан тапсыруды дәстүрге айналдырған, былтырғы пандемиялық жағдайда да бұл үрдісті үзген жоқпыз. Бұл жолы Қан орталығының мобильді тобы арнайы қондырғыларымен өздері дистанцияға келіп, акцияға атсалы- суымызды сұрады. Теміржолшылар бұл ұсынысты қуана қабылдады», – деп атап өтті Аман Улакулов. Электромонтер Қамшыбек Әміре- ев тұрақты донор екен, ол биылғы қаңтар айында ғана қан тапсырғанын жеткізді. «Менің әріптестерім әрбір тамшы қанның өмір мен өлім арасында жатқан науқас үшін аса маңызды екенін жақсы түсінеді. Осы жолы дистанциядағы жиырма бес маман қан тапсырды», – деді ол.

Асхат РАЙҚҰЛ,

Жамбыл облысы