You are currently viewing Еңбек түбі – зейнет

Еңбек түбі – зейнет

  • Post category:Новости

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибрагим Басықараев әріптестерімен бірге аталмыш бөлімшеде 42 жылдан астам еңбек еткен Марат Оспановты құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

Соңғы жылдары Қызылорда қалпына келтіру пойызы ұжымын біліктілікпен басқара жүріп сала дамуына өзіндік үлес қосқан Құрметті теміржолшыны зейнет демалысына шығарып салу салтанатына жиналған ұжым бәріне ұстаз, ақылшы аға бола білген азаматқа жүректен шыққан ізгі тілектерін айтып, қимай қоштасты.

Әріптестері Марат Оспановтың ұжымды басқару әдістері мен жұмыс тәжірибесі, жалпы азаматтық болмысын әрдайым үлгі тұтатындарын сөз етті. Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Ажар Ерманова М.Оспановтың иығына шапан жауып, ұжымдық шартқа сәйкес естелік ретінде бағалы сыйлықтар тапсырды.

Қырық жылдан астам ғұмырын аймақ темір жолының өсіп-өркендеуіне арнаған жан осы ортада өткен күндерін қашан да сағыныншпен еске алатынын жеткізіп, әріптестеріне шынайы көңілден алғысын білдірді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда