You are currently viewing «ЕРЛІК ЕМЕС,  АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ»

«ЕРЛІК ЕМЕС, АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ»

  • Post category:Новости

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының басшылығы жанып жатқан жеңіл көліктен төрт адамды құтқарған теміржолшы Еркебұлан Жүзбаевты Құрмет грамотасымен марапаттап, үлкен теледидар тарту етті.

Оқиға 2022 жылғы 26 тамызда күндізгі сағат төрт шамасында болған. Еркебұлан сол күні ауысымнан шығып үйіне қайтып келе жатқан. Павлодар–Шарбақты трассасында Маралды теміржол станциясына жақын жерде Audi 100 автомобилінің
КАМАЗ тіркемесімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жанып жатқанын көреді. Ол бірден көліктегі адамдарды шығаруға ұмтылады. Жолаушыларды бірінен кейін бірін көліктен шығарып алып жатып, жүгіріп келген адамдардан
жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Еркебұлан соңғы адамды көліктен шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген
сәтте автомобильде жарылыс болады. Отқа оранған көліктегі жолаушылар Жаңаауыл ауылының тұрғындары екен. Олардың өз өмірін қатерге тіге отырып, жанып жатқан автомобильден алып шығып, ажал аузынан аман алып қалған теміржолшы жігітке деген алғысы шексіз. 2019 жылдан бастап Павлодар жол дистанциясы қызмет көрсететін Красноармейка станциясының жол жөндеушісі болып еңбек ететін Еркебұлан Асланұлы жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр. Жұмыста адал,
жауапкершілігі жоғары, еңбекқор азамат төрт адамды құтқарған әрекетін ерлік деп есептемейді, бұл әрбір адамның азаматтық парызы деп санайды.

Источник


Ислам ТАЛҒАT