You are currently viewing МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖЕТІЛДІРІЛДІ!

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ ЖЕТІЛДІРІЛДІ!

  • Post category:Новости

Локомотив тізгіндейтін машинистер мен олардың көмекшілерінің денсаулығын тексеру – жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырудағы ең бірінші кезекке қойылатын маңызды фактор.

Осы орайда Астана локомотив пайдалану депосында тәулік бойы бригадаларды рейс алдында тексеруден өткізетін қондырғылар жаңартылып, олардың сапар алдындағы денсаулығын тексеру жылдамдатылды.
«Медикер» өндірістік медициналық мекемесінің медбикесі Айнаш Жаукенованың айтуынша, жаңадан алынған «Шлюз» медициналық кешені арқылы машинистерді медициналық тексеруден өткізу біршама оңайлады.
– Бұл аппарат арқылы бір мезгілде дене қызуын, қан қысымын, жүрек соғысын және ішімдік ішкен-ішпегенін алкотест арқылы күн сайын жылдам анықтап отырамыз. Мониторына машинист қарағанда-ақ базада тіркеліп тұрғандықтан оны аппарат бірден таниды. Егер алкотест бойынша көрсеткіш нөлді көрсетпей, кез келген сан шықса, бойында ішімдік бар деген сөз. Ондай жағдайда машинисті қайтадан қағаз түріндегі алкотестпен тексеруге аламыз. Қысымы 140-тан жоғары болса емханаға жолдама жазып береміз, бұл ретте машинист жұмысқа жіберілмейді. Сонымен қатар әрине, қызуы көтеріліп, тұмауратып, жөтеліп тұрса да рейстен қалдырылып, орнына басқа әріптесі кетеді. Науқастанған машинист қайтадан сауыққаны туралы анықтама әкелмейінше, жұмысына кіріс алмайды, – дейді медбике.

Депо қызметкерлерінің айтуынша, медициналық қондырғы 4 қызметті бір өзі атқаратындығымен ерекшеленеді. Ал бұрын олардың әрқайсысын бөлек-бөлек аппараттар анықтайтын және оған көп уақыт кететін. Қазір уақыт жағынан өте тиімді болып тұр, бас-аяғы 10-15 минуттың ішінде барлық нәтиже бірден компьютерге түседі. Медициналық кешеннің алынғанына көп бола қоймаған және бұл қондырғы әзірге тек Алматы, Астана және Қарағанды локомотив деполарында ғана бар.

Источник

Райхан РАХМЕТОВА,
Астана

Cуретті түсірген
Александр ЖАБЧУК