You are currently viewing МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ АЙШЫҚТАРЫ!

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ АЙШЫҚТАРЫ!

  • Post category:Новости

25 қазан – Республика күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылып, сала майталмандары марапатталды. Теміржолшы-өнерпаздар талғампаз көрерменді арнайы концерттік бағдарламасымен таң қалдырып, тамсандырды.

Мерекелік жиында құттықтау сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов жиылған
көпшілікті Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.
– Еліміздің тарихи дамуында үлкен серпілістер жасалып, барлық салада табысқа қол жеткізе алды. Соның ішінде теміржол
саласы – экономиканың күретамыры. Ұлттық компания еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосып отыр. Сонымен қатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда. Біздің міндетіміз – алдағы уақытта Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде қалыптастыру. Жылдан жылға көрсеткіштеріміз артып келеді. Биыл өткен 9 ай ішінде жүк айналымы 5 пайыз артты. Ал транзит өткен жылмен салыстырғанда 6 пайыз өсті. Жолаушылар тасымалы айналымы 34 пайызға көбейді. Компания жұмысшы-қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына де ерекше көңіл бөледі. Биыл жалақы 40 пайызға көтерілді. Осындай мерейлі табыстармен жеткен мереке баршаңызға құтты болсын, – деді Қ. Әлмағамбетов.
Салтанатты шара сала дамуына ерекше үлес қосқан еңбек озаттарын марапаттауға ұласты. Олардың қатарында өткен айда
Қостанай өңірінде орын алған алапат өрт кезінде ерлік көрсетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға атсалысқан теміржолшылар
мол болды. Апат кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, адамдар өмірін қорғауға барын салған 17
теміржолшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың арасында жол
бригадирлері, станция басшылары, машинист нұсқаушылар, электровоз машинисі, өрт сөндіру пойызының бастығы, пойыз
құрастырушылар, жөндеу шеберлері, электр механиктері, т.б. болды. Көпшілік үшін өнерпаз теміржолшы қызметкерлер күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, әр өңірдегі теміржолшылар
жолдаған бейнесюжеттер мен флешмобтар мереке ажарын аша түсті.

Источник


Райхан РАХМЕТОВА
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК