You are currently viewing МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ!

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ!

  • Post category:Новости

Республика күні қарсаңында Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері, құрылымдық мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен мерекелік акция өтті.

Таңертеңгі сағат 9:45-те жүретін Атырау-Маңғыстау және 14:50-де жүретін Атырау-Ақтөбе пойыздарының жолаушылары вокзал алаңында жайылған дастарханнан дәм татты. Теміржолшылар көпшілікке шелпек-бауырсақтан бастап құрт, жент, кәмпиттер, құрма, өрік, мейіз, басқа да тәттілер ұсынып, жолаушыларға сәт-сапар тіледі. Онымен қоса қорапшаларға салынған сыйлықтар да берілді. Мерекелік акция халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дән риза болысты.
– Республика күнінің мемлекеттік мереке болып қайта оралғанына, олқылықтың орны толғанына халық риза болуда. Бұл күннің тарихи маңызын әрбір қазақстандық жақсы түсініп, бағаласа керек. Сондықтан бүгін теміржолдың кәсіподақ ұйымдары бірлесе отырып осындай акция ұйымдастырдық. Ұлттық дәстүрімізді, тағамдарымызды, ұлттық киімдерімізді
насихаттап, ел иесі, жер иесі ретінде қонақжай пейілімізді паш еттік, – дейді кәсіподақ төрағасы Нұрбол Нұрышев.


Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау