You are currently viewing НҰРЛАН – МАРАФОН ЧЕМПИОНЫ!

НҰРЛАН – МАРАФОН ЧЕМПИОНЫ!

  • Post category:Новости

Өткен демалыс күні Абай облысының орталығы Семей қаласында аймақ тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық марафон өтті. «Абай-марафон 2022» аталған шараға өңірдегі барлық мекемелердің өкілдері қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Әрине, марафонға спортты серік етуді дәстүрге айналдырған теміржолшылар қауымы да қатысып, қала халқымен бірге өз шеберліктерінсынға салды.
Әуесқой спортшылар алдын ала белгіленген аумақпен 3, 5, 10 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс болатын. Белсеніп шыққан теміржолшылар арасында осыған дейін де сан түрлі сайыстарда, соның ішінде ұлттық компания бойынша өткізіліп жүрген жарыстарда топ жарып жүрген, Семей магистральдық желі бөлімшесі техникалық бөлімінің бастығы Нұрлан Бегәділовтің жұлдызы жанды. Ол 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден өз салмағы бойынша топ жарып, бірінші орынды еншіледі. Нәтижесінде арнайы сыйлық пен медальға және ұйымдастырушылар тарапынан марапатқа ие болды. Нұрлан Бегәділов спортпен айналысуды 2014 жылы бастапты. Тек жеңіл атлетика ғана емес, шаңғы және велоспортты да жанына жақын тұтады екен.
– Биылғы жылы қатысатын сайыстар қатары өте көп болды. Алдағы уақыттарда да бірқатар жарыстарда бақ сынауды көздеп жүрмін. Бәлкім даярлық шараларының нәтижесі болар, осы марафонда теміржолдың намысын қолдан бермеуге
тырыстым, – дейді 47 жастағы желаяқ жігіт.
Ал теміржолшы марафоншыларды бәйгеге баптап апарған Семей ЖТ бөлімшесі «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкованың айтуынша, сайыста теміржолшылар намысты қолдан бермеген. Мәселен, 3 және 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден Семей вокзалының бастығы Есет Қажығұлов та жүлделі орындардан табылып, ұлттық компанияның
туын желбіреткен.


Абай ЕРТІС, Семей
Суретті түсірген автор