You are currently viewing Наурыз. Қызылорда.

Наурыз. Қызылорда.

  • Post category:Новости

2023 жылжың 17 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай Қызылорда жол дистанциясы ұжымында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеде ұжым басшылары «ҚТЖ» ҰК АҚ «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалының басшысы И.Басығараев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалының Қызылорда қосалқы бөлімі директоры Б.Базарбаев, «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Б.Ахметов, Қызылорда жол дистанциясы басшысы М.Оналов және мекеме ардагерлері бұл мерекенің халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін айта келіп, барлық ұжымға жылы лебізін білдірсе, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғ.Ноғайбаева іс-шараның жүру тәртібімен таныстырды. Мекеме ауласына шатырлар орнатылып ақ дастархан жайылып жұртшылыққа керемет көңіл күй сыйлады. Әуендете орындалған әндер, арқан тартыс, гир көтеру, қапталған күріш, асық ойыны, қол күрес т.б. ойындарын өткізіп, ойын-сауық арасында жұмысшылармен зейнет демалысына шыққалы отырған азаматтарға алғыс хаттарымен құрмет грамоталар, түрлі сый-сияпаттар табысталды.