You are currently viewing Он команда сайланып шықты

Он команда сайланып шықты

  • Post category:Новости

Маңғыстау станциясында өткен шағын футбол жарысы Көлік қызметкерлері күні мен Қазақстан теміржолының 25 жылдық, Сала кәсіподағының 30 жылдық мерейтойына арналды.

Жергілікті теміржол мекемелері арасында өткен бәсекеге он команда қатысты. Соның ішінде жүк тасымалы, магистральдық желі, жолаушы тасымалына қарасты барлық салалардың өз командалары жарыс жолына сайланып шықты.

– Мерейтойлық жарыстар бұған дейін де бірнеше рет өткен, әлі де жалғасуда. Сайыстар «Жеңіс» спорт кешенінде өтіп жатыр. Нысанды теміржолшыларымыз бос уақытында спортпен шұғылдануы үшін жалдап алғанбыз. Онда үнемі жаттығып, жұмыстан тыс уақытын шынығуға жұмсайтын әріптестеріміз көп, – деді айтулы даталарға орай өтіп жатқан жарысты жылы лебізбен ашып, командаларға сәттілік тілеген теміржолшылардың орталық кәсіподағының өңірдегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов.

Ойын нәтижесінде Ақтөбе жолаушылар тасымалы Маңғыстау телімінің жігіттері бірінші орынды, локомотив депосының командасы екінші орынды, вагон шаруа- шылығының жігіттері үшінші, ал белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары төртінші орынды иемденіп, жеңімпаздар кубок, диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Айсұлтан Арман, Маңғыстау

Суретті түсірген автор