ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ӨТТІ!

  • Post category:Новости

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі аумағында 12-15 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Осыған байланысты Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Өтес» жалпы білім беру орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Жасөспірімдерге құқықтық түсінік беріліп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүруге болмайтындығы, әсіресе түнгі уақытта бейсауыт жүрген жағдайда жауапқа тартылатыны, басқа да заңбұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
– «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сонымен қатар жасөспірім балалардың тәрбиесі, қараусыз жүрудің алдын алу. Біз бүгін мектеп оқушыларына темір жолдың қауіпті аймаққа жататындығын және ондай жерлермен жүргенде белгілі ережені сақтап, аса абай болу керектігін, пойызға жол бере отырып, тек қана арнайы теміржол өткелдерінен өтуді түсіндірдік, – дейді Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлыбек Рахметов.

Источник

Айсұлтан АРМАН

Мангистау