You are currently viewing РАМАЗАН – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ

РАМАЗАН – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ

  • Post category:Новости

Сексеуіл жол дистанциясының ұжымы қатарынан бірнеше рет ауыр ота жасатқан бұрынғы әріптестері Бақберген Наурызалиевке қайырымдылық көмек көрсетті.
Дистанцияда жол шебері болып жұмыс істеген Бақберген Наурызалиев қазір зейнет жасында. Алайда ол денсаулығына байланысты ерекше күтімді қажет етеді.
Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары Бақбергенге қол қайырын беру үшін рамазан айында қайырымдылық
көмек жасауды ұйғарыпты.
– Ғұмырының қырық жылға жуық уақытын Қазалы және Сексеуіл жол дистанцияларында өткізіп, аймақтағы жол шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан Бақберген Наурызалиев көз жанарына бірнеше рет ота жасатып, біраз қиналып қалды. Дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымының тапсырмасымен ақшалай қаражатты Бақбергеннің отбасына барып табыстадым, – дейді Сексеуіл жол дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Көбейсін Рысмамбетов.
Әріптестерінің қамқорлық көмегіне риза болған зейнеткер-жолшы алғысын білдірді.


Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,
Сексеуіл станциясы