You are currently viewing РЕФЕФРЕНДУМ: Жаңа өзгерістер бастауы.

РЕФЕФРЕНДУМ: Жаңа өзгерістер бастауы.

  • Post category:Новости

Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясының бастауымен Қызылорда облысының Кәсіподақтар орталығы және «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» қоғамдық бірлестігі Қызылорда теміржол Кәсіподағы мен теміржол «AMANAT»партиясы бірлесіп 2022 жылғы 5-маусым күні өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сайлауға белсене қатысу жөнінде «ҚТЖ- Жүк тасымалы»ЖШС филиалының Қызылорда қосалқы бөлімі техникалық қызмет көрсету қосынның ауласында вагон қараушыларымен бірге, Қызылорда вокзалы жұмысшыларымен, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері ел тарихындағы елеулі оқиға референдум, қоғамдағы саяси батыл қадамдардың бірі. Ата заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы ойын ортаға салды.

-Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты айқындалды. Құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Ең бастысы, Қазақстан мемлекеттігінің нығаюына, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берген Конституция Тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге де әлеуетті екенін танытып отыр.Бұл реформалар ауқымды саяси жаңғыртудың аса маңызды кезеңі.Бұл өзгерістердің әсерін әрбір қазақстандық сезінетін болады-деді облыстық штаб мүшесі Мақсұт Нәлібаев.

«ҚАЗКӨЛІККӘСІП» қоғамдық бірлестігі Қызылорда кәсіподақ филиалының төрағасы Б.Қ.Ахметов өз сөзінде: Қазақстан Республикасы Заңынын жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қолдайсыз ба? «деген тұжырымдағы сауал қойылып, «2022 жылғы 5 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып». Алдағы референдумның табысты болуы азаматтардың белсенділігіне байланысты болады деп жаңа өзгеріске дауыс беруге шақырды.

-Бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәтке әрбір азамат қатысып, пікір білдіріп, таңдау жасау парыз деді штаб мүшесі Базара Танбаева.

-Мемлектіміздің жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз үлес қосуымыз керек деді облыстық штаб мүшесі Ибраким Басықараев.

Өзгерістерді түсіндіру жұмыстарынан ерекше әсер алған, жаңаруға да жаңғыруға ұмтылсын байқайтқан теміржолшылар өзгерісті қалайтындарын жеткізді.