You are currently viewing Шағын футболдан жарыс өтті

Шағын футболдан жарыс өтті

  • Post category:Новости

Сала кәсіподағының 30 жылдығы құрметіне маңғыстаулық вагон қараушылар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Теміржолшылар үшін жалға алынған «Жеңіс» спорт кешенінде өткен сайысқа Маңғыстау вагон пайдалану депосына қарасты техникалық қызмет көрсету пункттерінің вагон қараушылары қатысты.

Бейнеу, Сай-Өтес, Шетпе және Маңғыстау станциясындағы ТҚКП-нен екі команда қатысқан сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Маңғыстаулық вагоншылар ә дегеннен қарсылас шақ келтірмей, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды бейнеуліктер алса, сайөтестіктер үшінші орынды місе тұтты.

Жеңімпаз командаларға кәсіподақ ұйымының атынан қаржылай сыйлық, диплом мен арнайы кубок табысталды. Сондай-ақ, жақсы ойын көрсеткендер де сый-сияпаттан құр қалмады. Маңғыстаулық Бауыржан Құлжабаев «Үздік ойыншы», Асхат Нұрканиев «Үздік қақпашы», сайөтестік Айладыр Садақбай «Сұрмерген», бейнеулік Тұрарбек Ниязов «Үздік қорғаушы», Нұржау Озғанбаев «Ардагер ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.

ШахидаЖұман, Маңғыстау

Суретті түсірген автор