You are currently viewing ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ!

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ!

  • Post category:Новости

Республика күні қарсаңында Тараз көлік және коммуникация колледжінде «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы бастау
алды.

Болашақ теміржолшылар сапқа тұрып Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталған мерекелік шаралар легі бір аптаға созылмақ. Соның ішінде акцияның екінші күні болашағын темір жолмен байланыстырғысы келетін жас буынның «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалына қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосының мұражайында болып, ондағы жәдігерлермен таны суы – мазмұнды әрі тағылымды шара болғаны анық. Мұражай меңгерушісі Венера Бүкенова студенттерді музейдегі әрбір экспонаттың тарихымен таныстырып, олардың қызығушылығын тудырған жәдігерлерге қатысты жан-жақты түсінік берді.
– Акция аясында болашақ теміржолшыларға Тәуелсіз Қазақстанның темір жолын құрған аға буынның ерен еңбегін насихаттаумен қатар олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат тұтамыз, – дейді Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің директоры Ұлжан Кенжебекова.


Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Суретті түсірген автор