You are currently viewing ВОКЗАЛ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

ВОКЗАЛ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

  • Post category:Новости

Қызылорда теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, оның қауіпсіздік деңгейімен танысу, кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мониторинг жүргізілді.

Вокзалда жолаушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған. Вокзал ғимаратына көтерілетін баспалдақтар жанында арнайы пандус бар, іште де арнайы бөлме, қажет болса қоларба бар. Вокзал қызметкерлерін көмекке шақыру үшін арнайы дабыл түймесі орнатылған. Дегенмен аймақтағы теміржол вокзалдарының дені бір ғасыр бұрын салынғандықтан кейбір сәйкессіздіктер де жоқ емес. Бүгінде олар ретке келтірілуде. Қызылорда Магистральдық желі бөлімшесі басшысының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов, «Аманат» партиясы «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева, вокзал бастығы Жарас Қойшығұлов мониторингтік топпен бірге көрсетілетін қызмет сапасын саралады.

– Бүгінгі таңда біздің «Теміржол» филиалы ұйымдастырып отырған партиялық мониторинг аясында облыстық мүгедектер қоғамдық ұйымының мүшелері Роза Смағұлова, Анар Әбілдаева, Мұрат Ізбенбетов, көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бас маманы Әйгерім Бектұрғанова вокзал аумағында орналасқан пандустардың стандарттық талапқа сәйкестігін, басқа да нысандарды қарап, кейбір тұстарына қатысты өз ұсыныстарын айтты. Мысалы, мүгедектер көлігі тұратын автотұрақ орындарын қосымша белгілеу, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлме ішіндегі орындықтарды биіктету, қоңырау орнату секілді ұсыныстар назарға алынды, – дейді Базара Танбаева.
Мониторингтік топтың ұсынысы бойынша тиісті органдарға хат жолданды.

Источник

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ,
Қызылорда
Суретті түсірген автор