You are currently viewing ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

  • Post category:Новости

Семейлік теміржолшылар салалық кәсіподақ ұйымының бастамасымен көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз-2023» атты волейбол сайысында шеберлік сынасты.
Жылдың айтулы спорттық сайысы болғандықтан оған желі бойындағы барлық мекемелердің командалары қатысты.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында Әнұран ойналып, барша қатысушылар Мемлекеттік Туға қарап сап түзеді. Осыдан соң бөлімше кәсіподақ ұйымының төрайымы Данагүл Өтеленова көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға жеңіс тіледі. Барлық теміржолшыларды салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортты серік етуге шақырды.
Күні бойы жалғасқан жарыс барысы мейлінше тартысты өтті. Әсіресе локомотившілер мен жолшылардан тұратын команданың ойыны аса тартысты өрбіп, қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласқан сайыста жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Барлық командалар кілең мықты ойыншыларын іріктеп әкелген сынды. Сондықтан тек шамалы ұпай айырмашылығымен бірнеше команда жеңіс тұғырына көтерілді. Жүлделі үшінші орынды Жаңа-Семей командасы иеленсе, екінші орынды ТЧЭ-24 машинис тері қанжығаға байлады. Ал бас жүлдені осымен сегізінші мәрте бөлімше чемпионы
атанған ПЧ-39 командасы тағы да жеңіп алды. Барлық жеңімпаз командалар ақшалай сыйлықтар алды.
Үздік өнер көрсеткен Олжас Санақбек, Мейір Садуахасов, Ержан Еппаев, Медет Қазезов, Сұлтан Қаленов сынды теміржолшылар кәсіподақтың мақтау қағазымен марапатталды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Суретті түсірген автор