You are currently viewing ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

  • Post category:Новости

Елордада жексенбіде TRI INDOOR залында өткен триатлон жарысына теміржолшылар да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның RAILWAYS_ALTHLETICS спорт командасының құрамында компанияның бас инженері Батыр Котырев бастаған 14 қызметкер қатысты. Белгілі спортшы Денис Гордиенконың басшылығымен GLOBALSPORT командасы ұйымдастырған жарысқа эстафеталық ойындар бойынша ҚТЖ ойыншылары 10 команданың ішінен 2 орын алды.
Команда құрамында теміржолшы Руслан Молдағалиев жүгіруден, Азамат Жангелді велоспорттан және Батыр Котырев жүзуден жарысқа түсті.
– Салауатты өмір салтын сақтау және насихаттау теміржолшылар өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Спортты серік еткен жанның қашан да дені сау, ал тән саулығы рухани жағынан да кемелденуге әкеледі. Сондықтан, достар, жұмыстан бос уақытта спортпен айналысыңыздар! – дейді бас инженер.
Жабық ғимаратта өтетін триатлон бойынша жарыстарға кәсіби спортшылармен бірге әуесқойлар да қатыса алады.
Мәреге дейін жету үшін қатысушылар бассейнде 10 минут жүзіп, велотренажерда 25 минут, жүгіру жолағында 15 минут жүгіруі керек. Барлық жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болды.

Ұлан ОРАЗ
Суретті түсірген автор