You are currently viewing ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЭКСПРЕСС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ!

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЭКСПРЕСС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ!

  • Post category:Новости

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Щучинск – Бурабай курортты аймағына жаңажылдық электр пойызын іске қосты. Астанадан аттанған ерекше жолаушылар құрамы жаңажыли ТОСЫНСЫЙ дық стильде, ұлттық нақышта мерекеге сай безендірілген.

Жарқыраған гирляндалар мен жасанды қар бүршігі және шарлар ілінген пойыздың жолаушысы болу бақыты бұйырған жандардың қуанышты жүздері балбұл жанады. Тек сырты ғана емес, вагондардың іші де түрлі түсті бояуларға толы, әсіресе қазақстандық қолөнер шеберлерінің еңбектері ерекше көрік береді. Қолмен киізден жасалған декоративті паннолар мен жастықтар жанға жайлы жайлылық пен мереке лебін ерекше сезіндіре түседі. Вагондарға Аяз атаға хат жолдау үшін арнайы жәшіктер де қойылған.
Міне, осындай жаңажылдық мерекелік экспресс Астана – Көкшетау бағытында 2023 жылғы қаңтар айының соңына дейін күн сайын тасымалдайтын болады. Жер жәннаты Бурабай мен сұлу Көкшенің табиғатын тамашалағысы келетін аяхатшылар үшін сәтті сапардың бастамасы болмақ. Экспресс пойыз 2022 жылы 22 желтоқсанда таңғы сағат 06.03-те «Нұрлы жол» вокзалынан аттанды. Елорда тұрғындары мен қонақтарға қолайлы болуы үшін пойыз Астана-1 станциясында Жолда пойыз үш станцияда аялдайды, яғни Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Одан әрі соңғы станция қолсозым жерде. Таңертеңгі сағат 9.51-де Бурабай курорты станциясына жетіп барады.
– Бүгін бірінші рет осындай әдемі пойызбен демалуға бара жатырмын. Жаңа жыл алдындағы көңіл-күй де керемет. Оның үстіне мынадай ерекше вагонда мейрамды қатты сезінеді екенсің. Біздерге осындай мерекелік көңіл күй сылап, игі істі жүзеге асырған азаматтарға алғысым шексіз. Себебі адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес, жайлылық пен өзіне көңіл бөлуді байқаса, соның өзі мерейіңді өсіреді. Ал мына жаңаша жасанған пойыздарда сондай ықыласты сезініп келеміз, – дейді елордалық жолаушы Жәния Әлжаппарова.
Жаңажылдық экспресс – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Бурабай Даму» ЖШС, ҚР Президенті істері басқармасы, Мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Бұл жоба ішкі туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар электр пойыз жолаушыларына «Бурабай Даму» ЖШС «Burabay Land» отбасылық ойын-сауық паркіне баруға бір күндік тур бағдарламасын да ұсынады. Сондай-ақ Бурабай курортты аймағының көрнекі орындарын аралау мүмкіндігі беріледі. Атап айтқанда, олардың қатарында визит – орталық, зообұрыш, Абылайхан алаңындағы мультимедиалық интерактивті кешен, «Бурабай» емдеу орталығы сынды орындар бар.

Ұлан ОРАЗ,
Астана

Источник


Суретті түсірген автор