You are currently viewing «ЖЕҢІС» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ЖЕҢІС» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

  • Post category:Новости

Өткен жылы «ҚТЖ ҰК» АҚ Еріктілер жылы аясында «2020 қайырымды іс» бағдарламасын қабылдап, нәтижесінде мыңдаған отбасыларға көмек қолын созды.

Шымкент филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы Нағима Салықбаеваның ұйытқы болуымен Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі былтыр осы қайырымды істен құр қалмай, өңірдегі тұрмысы нашар, мұқтаж жандарға азық-түлік беріп, тағы басқалай жәрдемдес- кен болатын. Биыл да осы қайырымды іс жалғасын тауып жатыр. Еріктілер қозғалысының белсенділері Ұлы Отан соғысы мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуді мақсат тұтатын «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасын жалғастырып жатыр. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі қызметкерлерімен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Серік Тлеуімбетовтің айтуынша, «Жеңіс» жобасы аясында бір жыл ішінде Шымкент қаласы бойынша 200 ардагер мен тыл ардагеріне көмек көрсетілген. Жалпы есепте 54 ардагер бар. Сондай-ақ Түркістан қаласында да еріктілер тобы құрылып, пандемияға қарамастан жұмыс жасауда. Олар бетперде тағып, антисептиктер қолданып, арақашықтықты сақтап, азық-түлік үлестіріп, басқа да қажеттерін жеткізіп беруде.

«Жеңіс» жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Жоба аясында мұқтаж жандарға азық-түлік себетінен бөлек бір реттік қажеттілігіне орай қаражат та бөлінеді. Мысалы, қарт ардагерлердің ем алуына, көмір түсіріп беру немесе мүгедектік арбасы, балдақ қажет болуы мүмкін. Оларды алу үшін құжаттарын рәсімдейміз. Қолымызда әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты ардагерлердің тізімі бар. Ардагерлерге тек азық-түлік апарып бере салмай, қажет нәрселерін жеткізіп берсек деген ниетіміз бар», – деді Серік Бітімбайұлы.

Жан ПЕРДЕБЕК,

Шымкент