You are currently viewing Желаяқ   теміржолшы

Желаяқ теміржолшы

  • Post category:Новости

Ел шығысында теміржолшылар баскетболдан кезекті бөлімше біріншілігін аяқтады. Оған барлығы 6 команда қатысты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев ардагер теміржолшыны арнайы шақырып, құрмет көрсетті. Әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға, қала өміріне белсене қатысып жүретін ел ағасына алғыс жаудырды.

Ақтөбеде қала күніне орай өткен марафонда жүлделі орын алған Жұмабай ағамыз тек жүгіруден жарысқа ғана емес, велошеруге де қатысты. Қаланың бас даңғылдарымен жүріп өткен велосипедшілер салауатты өмір салтын насихаттап, зейнеткерлер жастарға үлгі болды.

«Жүгіру де, велошеру де қиын болмады. Себебі мен спортпен тұрақты айналысып жүрмін. Велосипедімді 2017 жылы сатып алдым. Сол жылы Шалқардан Ақтөбеге дейін велосипедпен жүріп өттім. Қазір темір жол картасы арқылы велосипедпен станцияларды аралап жүрмін. Нақты санаған жоқпын, бірақ 100-ден астам станцияға бардым. Атырау, Қызылорда, Астрахан қалаларында болдым», – дейді Жұмабай Отарғалиев.

Ардан СЕРДАЛЫ, Ақтөбе

Суретті түсірген автор