You are currently viewing ЖЕЛАЯҚТАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

ЖЕЛАЯҚТАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ!

  • Post category:Новости

25 қыркүйек күні Астана қаласында өткен марафонға Атырау өңірінен қатысқан желаяқтар жүлделі оралды. Жарысқа аймақтағы теміржол мекемелерінен он адам қатысқан болатын.

Атырау жүк тасымалы қосалқы бөлімшесі, Атырау, Мақат локомотив деполары, Мақат станциясы, Атырау жол дистанциясы, Құлсары байланыс дистанциясы, Атырау вагон депосы теміржолшыларынан құралған топтың елордада асығы алшысынан түсіп, айы оңынан туды десе болады. Желаяқтар жарысында Атырау жол дистанциясының жол монтері Жалғас Муғамулин 30-39 жас аралығындағы ерлер арасында 5 шақырым қашықтыққа жүгіруден жүлделі 1-орынды иеленсе, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Ерлан Жапаров 3-орынды жеңіп алды. Ал 40-49 жас аралығындағы әйелдер арасындағы 42,195 шақырым қашықтыққа жүгіруде Атырау вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімі, вагон паркінің операторы Гауһар Толыбаева мәреден бірінші келіп, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Осылайша бір өңірден үш бірдей жеңімпаз шықты. «Біздің жерлестеріміздің жетістігі мақтан етуге тұрарлық. Әсіресе Гауһардың 42 шақырымды қиналмай еңсеріп, жүзден жүйрік атанғаны зор мерей», – дейді Атырау бөлімшесінің спорт нұсқаушысы

Ринат Иманғазиев.
Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау
Суретті түсірген автор