You are currently viewing Жыл қорытындысы: ең жоғарғы көрсеткіш

Жыл қорытындысы: ең жоғарғы көрсеткіш

  • Post category:Новости

Үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында 2021 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылған кеңейтілген отырыс өтті.

Онда пайдалану жүк айналымының 239 млрд.т-км нетто-ға жеткені белгілі болды. Мамандар бұл тәуелсіздіктің барлық жылдарында ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша компания пайда көрсеткішіне шықты. Бұған транзиттік тасымалдан түскен кірістің ықпал еткені анық. Мәселен, былтыр Қазақстан арқылы өткен контейнерлер транзиті бір миллион ЖФЭ-ден асып жығылды.

Ұлттық компания теміржолдың инфрақұрылымын дамытуға, жаңалап-жаңғыртуға айрықша басымдық беріп келеді. Оның жарқын көрінісі ретінде, өткен жылы да «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 1000 шақырымнан астам темір жолдың жаңартылып-жаңғыртылып, сауықтыру жұмыстарынан өткенін айтар едік. Айталық, 582 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болды. Соның нәтижесінде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы артты.

Сонымен қатар кеңесте пойыздардың қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта атқарылған ауқымды жұмыстар таразыға салынды. Былтыр сала еңбеккерлерінің орташа айлық жалақысының өсімі 22%-ды құрады. Тағы бір атап өтерлігі, компания қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы өсті.

Сулугул БАКЕСОВА, Нұр-Сұлтан