2022 жылғы 26 наурызда теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы 30 жылдық мерейтойын атап өтті.

Өткен онжылдықтарда Қазпрофтранс күрделі жолдан өтіп, теміржол, автомобиль, әуе және су көлігінің 100 мыңнан астам қызметкерлері мен ардагерлерін біріктіретін ірі, беделді ұйымға айналды. Ол теміржолшылар кәсіподақтарының Халықаралық конфедерациясының, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының құрылтайшыларының бірі болып табылады, сондай-ақ халықаралық көлік Федерациясының мүшелік ұйымы болып табылады.

Жылдар өтіп жатыр, бірақ салалық Кәсіподақ жұмысының негізгі қағидаттары мен бағыттары өзгеріссіз қалады – қызметкерлердің, сала ардагерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, заңнамаларды жетілдіру жұмысы, еңбекті қорғау мәселелерін шешу, еңбек жанжалдарын шешу, қайырымдылық, спортты дамыту, оқыту, жастар саясаты, халықаралық ынтымақтастық және тағы басқалар.

Салалық келісімде және ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелер мен кепілдіктерді дәйекті іске асыру теміржол көлігінің тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіподақтың “Қазақстан темір жолы “ҰК” АҚ, оның еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік әріптестік қағидаты бойынша құрылады.

Қазпрофтранс 30 жылдық мерейтойын сөзбен емес, нақты істермен атап өтті. Мерейтойлық жылы ол Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты барынша күшейтті. Сонымен қатар, жыл бойы еліміздің түрлі өңірлерінде мәдени-бұқаралық, имидждік және спорттық іс-шараларды, қайырымдылық акцияларын өткізу, балалармен жұмыс жасау, кәсіподақ ардагерлері мен белсенділерін құрметтеу жоспарланған. Мерейтойлық жыл күзде өтетін кәсіподақ Орталық Кеңесінің кеңейтілген отырысынде қорытындыланды.