Сұрақтар мен жауаптар

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» (бұдан әрі – Кодекс) қабылданды. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген кезден бастап, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жойды.

Кодекс мемлекеттік органдардың және өзге де қоғамдық басқару субъектілерінің қызметі барысында туындайтын қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Қазақстан салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы (бұдан әрі – Кәсіподақ) мұндай субъектілер қатарына жатпайтындықтан, Кодекс нормалары Кәсіподақтағы өтініштерді қарау тәртібін айқындамайды.

Сонымен бірге, Кәсіподақ Кодекс талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Кәсіподақ Орталық кеңесімен бекітілген Кәсіподақ мүшелерінің, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қағидаларына сәйкес қарайды.

  1. Өтініш беру нысандары.

Өтініш келесі нысандарда ұсынылуы мүмкін:

– жазбаша түрде (қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат түрінде);

– ауызша (жеке қабылдау кезінде);

– бейнеконференция арқылы;

– бейнеөтініш түрінде.

Өтініште мәселенің мәні және нақты талаптар немесе өтініштер айқын көрсетілуі тиіс.

  1. Өтініштердің міндетті деректемелері.

2.1. Кәсіподақ мүшелері, ұжымдық шартқа қатысушы қызметкерлер және мүшелік ұйымдар үшін:

– тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

– лауазымы, кәсіпорынның және құрылымдық бөлімшенің атауы;

– бастапқы кәсіподақ ұйымына тиесілілігі;

– байланыс мекенжайы мен телефон нөмірі;

– жеке қолы.

2.2. Азаматтар үшін:

– тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

– байланыс мекенжайы мен телефон нөмірі;

– қолы.

2.3. Заңды тұлғалар үшін:

– толық атауы;

– заңды мекенжайы;

– өкілдің деректері (Т.А.Ә., өкілеттігінің негізі);

– өкілдің қолы.

2.4. Шағым беру кезіндегі қосымша талаптар.

Шағымда әрекеттері немесе шешімдері дауланатын тұлға туралы мәліметтер қамтылуға тиіс, оның ішінде:

– тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

– лауазымы;

– кәсіпорынның және құрылымдық бөлімшенің атауы;

– жағдайлар, шағымның себептері және қойылған талаптар.

Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі және қаралады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Қарауға жатпайды:

– анонимді өтініштер (олар заңнаманы бұзу немесе қауіпсіздікке қатер төндіру туралы деректерді қамтыған жағдайларды қоспағанда, ондай деректер тиісті органдарға жолданады);

– мәселенің мәні немесе міндетті деректемелері көрсетілмеген өтініштер.

  1. Өтініштермен жұмыс істеу форматы

Кәсіподақ ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Осыған байланысты Кәсіподақтың интернет-ресурсында жедел жауап беретін немесе өтініштерді жедел сүйемелдейтін колл-орталық қарастырылмаған.

Соған қарамастан, Кәсіподақ өтініштерді уақтылы, жан-жақты және дәлелді түрде қарау қағидатын ұстанып, өтініш берушілерге сапалы және заңға негізделген жауап беруді қамтамасыз етеді.

Сұрақ қою

    Аты-жөні*

    Телефон*

    E-mail*

    Сұрағыңыздың тақырыбы? (Құқықтық, материалдық, еңбек, басқалар)

    Хабарлама