ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КӨШЕСІНДЕ – СЕНБІЛІК!

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының жұмысшы-қызметкерлері
бір кісідей жұмылып сенбілікке шықты.

Олар Түрксіб станциясындағы Теміржолшылар көшесінің тазалығына жауапты, ондағы абаттандыру жұмыстарын жүргізуді
шефтік қамқорлыққа алған. Өткен сенбілікте де теміржолшылар атындағы көшені тазалап, жол жиегіне жаңадан
57 дана талдарақ отырғызды. Кәсіпорынның директоры Бақтияр Түлековтің айтуынша, жыл сайын көктем және күз
айларында теміржолшылар құрметіне аталған көшеде тазалық жұмыстарын жүргізіп тұру дәстүрге айналған.


Арсен БАЙЗАҚ, Түрксіб
Суретті түсірген автор