You are currently viewing

  • Post category:Новости

Ақтөбедегі теміржол ғимаратының алдында қазақ елінің ұлттық мерекесі – Республика күні ерекше тойланды.
Теміржолшылар өнерін тамашалауға қала тұрғындары көп жиналды.

Республика күні мерекесі – Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстарға да тиесілі. Сондықтан жергілікті
теміржолшылар қатарындағы түрлі ұлт өкілдерінің тілегімен әр елдің ұлттық киімін киген топтар өнер көрсетті. Бүгінде
сан қилы тарихи оқиғаға арқау болған түрлі ұлттар тағдыры қазақ топырағында өсіп-өніп, қазақ халқының кең пейілі мен дархандығын бойына сіңіріп, бірлігі жарасып отыр. Ұлттық билерімен ашық сахнада өнер көрсеткен ұжымдар осы татулық пен бірлікті паш етті. «Қазақ елі – қаншама ұлтты бір шаңырақ астына жинаған қасиетті мекен. Жергілікті халықтың бойында осындай қонақжайлық пен дархандық болмаса осынша ұлт топтаспас еді. 13 жылдан кейін қайта жаңғырған осынау ұлттық мерекеде теміржолшылар халқымыздың бірлігін тағы да айқындай түсті», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Айша Қалағанова. Тәуелсіз еліміздің тірегіне айналған ынтымақ пен бірлікті жылы лебізге ұластырған құттықтаулар айтылып, көпшілік елімізге бейбітшілік, ынтымақ пен ырыс тіледі.


Ардақ ЕРУБАЕВА
Суретті түсірген автор