ТАСТАЯҚТАН ТУРНИР ӨТТІ!

Өткен сенбіде Жамбыл ЖТ бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерінің арасында
Сала кәсіподағының 30 жылдығы мен Қазақстан темір жолының 25 жылдығына орай бильярдтан турнир өтті.

«Алтын орда» бильярд клубында өткен жарысқа кілең іріктелген «сен тұр, мен атайын» ойыншылар қатысты. Тартысты өткен ойын нәтижесінде Тараз көліктегі оқыту орталығының маманы Алтынбек Манапов тастаяқтың нағыз шебері екенін дәлелдеп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жамбыл ЖТ бөлімшесі кәсіподағы ұйымының сарапшысы Серік Наурызбаев екінші, Тараз станциясының вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушісі Нұрболат Сейілбек үшінші, ал Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің экологы Мерей Беделбек төртінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, басқа да қатысушылар сый-сияпатсыз қалмады.
Жарысқа төрелік жасаған Жамбыл бөлімшесінің кәсіподақ ұйымына қарасты «Локомотив» спорттық-денешынықтыру кешенінің спорт нұсқаушысы Аманкелді Байходжаевтың айтуынша, спорттың қай түрі болмасын жамбылдық теміржолшылар тек өңірде ғана емес, республикалық жарыстарда да төбе көрсетіп жүр. «Сондай спортшыларымызға демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отырған бөлімше басшылығына алғысымызды айтқымыз келеді» дейді ол.

Источник


Ерман ӘБДИЕВ, Тараз
Суретті түсірген автор