Сексеуіл станциясында волейболдан турнир өтті. «Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирге бекеттегі барлық теміржол меке- мелерінің қомандалары қатысып, бақ сынасты.
Командалар арасындағы өзара бәсекеден іріктеле келе үш команда алға шықты. Ақтық сында жүлделі орындар
үшін барын салған командалардың қай-қайсысы да осал емес еді. Бірақ, бақ шаба ма, бап шаба ма демекші, жарыс басталғаннан бірін-бірі ыммен ұғысып, қарсыластарының осал жерін дөп баса білген машинистердің «ТЧЭ-36» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Станцияның «ДС» құрамасы екінші орынды иемденсе, Сексеуіл жол дистанциясының «ПЧ-59» командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Жүлдеге ие болған үш командаға «Қазкөліккәсіп» аймақтық филиалы басшылығының дипломы, бағалы сыйлық пен кубок берілді. Командаларына жанкүйер болған теміржолшылар мен кәсіподақ ұйымы белсенділерінің қолдауымен көрермендердің көзайымына айналған ойыншыларға да арнайы аталым бойынша сый-сияпат табыс етілді. Жарыста әдемі ойын өрнегін көрсеткен үздік ойыншы аталымы Баубек Наурызбаевқа берілсе, үздік қорғаушылар болып Бауыржан Тұрмантаев пен Мұхтар Игіліков таңдалды, ал үздік шабуылшы болып Жасаған Займолдаев танылды.
– Тораптық станциядағы спорттық дода қызықты да тартысты өтті. Турнирдің өткізілетін уақыты алдын ала хабарланып, дайындық жасалды. Рас, кейбір команда мүшелері дайындық өткізуге мүмкіндіктері аз болып, уақыттары жетпей қалып жарыстан тыс қалып қойғаны өкінішті. Алайда жарысқа қатысқан командалар барлық мүмкіндіктерін салып, өрнекті ойын
өткізді. Жанкүйерлер де көп жиналып, командаларын қолдап, дем беріп отырды, – дейді Сексеуіл жол дистанциясы
кәсіподақ ұйымының төрағасы Көбейсін Рысмамбетов.
Азамат ҚҰЛЫМБЕТ, Сексеуіл
Суретті түсірген авто