ЕКІБАСТҰЗҒА КӨМЕК!

Екібастұз тұрғындарының басына түскен қиын ахуалға байланысты «Қазақстан темір жолы» компаниясы тарапынан қалаға 4 жолаушылар вагоны бөлінді.


Вагондар қаладағы жағдай жақсарғанға дейін Екібастұз станциясы жолдарында тұрады. Қазірдің өзінде ол суықтан тоңған жергілікті талай тұрғын үшін жылы орынға айналып үлгерген.
– Қаладағы көптеген тұрғын үйлерде құбырлар жарылып, пәтерлердің ішін су басып жатыр. Қиын жағдайда қалған екібастұздықтарға көмек қолын созғандар қатарында ҚТЖ мен оның еншілес ұйымдары «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС күш салуымен Екібастұз станциясының 3-ші жолына 4 купелі вагон әкеп орналастырылды. Келгендерге жылы орында қонып, тамақтанып алуға рұқсат етіледі. Баратын жері табылғанға дейін қалауынша осында тұра беруіне де болады. Вагондарға қызмет көрсететін жауапты адамдар, жолсеріктер де бар. Сонымен қатар вагондар қауіпсіздігін әскерилендірілген күзет қызметі қамтамасыз етуде, – дейді Павлодар ЖТ бөлімшесі персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Гүлнияз Ислямова.

Источник


Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ